Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астананың іргесіндегі ауданның әлеуеті артып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Астананың іргесіндегі ауданның әлеуеті артып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұл жолы Шортанды ауданының әкімі Ғайдар Қасенов сөз алып, өңірдің биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.

Бүгінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – нақты сектордың басым міндеттерінің бірі. 2021 жылдың 4 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі шамамен 2,0 миллиард теңгені құраған.

Ал, өнімнің нақты көлем индексі 100,4 пайыз. Бұл өткен жылдан біршама өскені байқалады. Сондай-ақ, ауданда ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Сүт және ет бағытындағы мал өсіретін фермаларды құру бойынша мемлекет ұстанған бағыт мал басының өсуіне қол жеткізіп отыр. Қазір ауданда 21 мың 95 бас ірі қара, оның ішінде 8500 бас сауын сиыр, 21 606 бас қой мен ешкі, 8 960 бас жылқы, 11 808 бас шошқа бар.

Қазір ауданда егін егу жұмыстары басталып, қызу жүріп жатыр. Оған қоса, индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру барысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18,1 миллиард теңге сомасында қамтамасыз етілген, бұл өткен кезеңнің деңгейінен 2,6 миллиард теңгеге артық. Осы есепті кезеңде инвестиция көлемі 4,8 миллиард теңгені құраған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 378,2 миллиард теңгеге жетіп, 3439 шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілген.

Аудан астанаға жақын орналасқандықтан, оның әлеуеті жыл са-йын артып келе жатқаны сөзсіз. Биыл кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 36 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы қарастырылуда. Бөлшек сауданың көлемі 1,2 миллиард теңгені құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100 пайыз. Бүгінгі таңда 1094 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 100,4 пайызға өскен.

Ауданда әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ал, білім саласында 25 мектеп бар болса, оның ішінде 24-і мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер және 96 оқушы білім алатын бір кешкі ауысымдағы мектеп жұмыс істейді. Оған қоса, жыл сайын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны да артып келеді. Ағымдағы жылы Шортанды кентіндегі стадионды күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Оған облыстық бюджеттен 120 миллион теңге бөлінген. Ал, мәдениет саласында 15 кітапхана, 18 клуб мекемелері жұмыс істейді. Биылғы жылы Жолымбет кентінің ойын-сауық орталығына күрделі жөндеу жүргізілмекші.

Сондай-ақ, өткен жылы Шортанды кентінде «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында ойын-сауық орталығына күрделі жөндеу жүргізілгенін айтқан аудан әкімі осының бәрі мәдениет саласының дамуына жаңа серпін бергенін жеткізді. Сонымен қатар, ауданда өткен жылы 25 шақырым жол жөнделсе, биылғы жылы 23 шақырым автомобиль жолдары жөнделеді деп жоспарлануда. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Шортанды елді мекенінде 12,2 шақырым асфальтбетон жабыны бар жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, ағымдағы жылы жалпы сомасы 63,0 миллион теңгеге Новоселовка ауылында ұзындығы 1,8 шақырым жолдарды орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Раевка, Бектау, Степное селоларында 5,8 шақырым автомобиль жолдары жөнделген.

Сонымен бірге, бұл бағдарлама шеңберінде Бозайғыр ауылының жолдарын жөндеу жоспарланған, өткен жылы 800 метр жұмыс жүргізілсе, ағымдағы жылы жөндеуді аяқтау жос-парланып отыр. Новокубанка, Дамса, Научный және Жолымбет ауылдық округтеріндегі жолдарды орташа жөндеуге 300 миллион теңге бөлінген.

Аудан әкімі сондай-ақ, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Ауданда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін бірқатар шаралар қолға алынған. Пандемия басталғаннан бері COVID-19-дан зертханалық жолмен расталған 357 жағдай тіркелген. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап аудан тұрғындары арасында қауіпті індеттің өсуі жоғарылағаны байқалған. Сөйтіп, аудан үш ай «қызыл» аймақта болған. Биылғы жылдың 2 наурызынан ауданда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация салу басталған. Осы мәселелерді де қамтыған аудан басшысы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар