Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пандемия денсаулық сақтау жүйесі мен экономиканың әлсіз тұстарын көрсетіп берді – ҚР Президенті - АРҚА АЖАРЫ

Пандемия денсаулық сақтау жүйесі мен экономиканың әлсіз тұстарын көрсетіп берді – ҚР Президенті

Пандемия жаһандық және елдік деңгейде денсаулық сақтау жүйесі мен экономиканың әлсіз тұстарын көрсетіп берді. Бұл туралы Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өкінішке қарай, міне 1,5 жыл бойы пандемия бізге жүзбе-жүз жүздесуге мүмкіндік бермей отыр.
Дегенмен, бұл жайт біздің бірлескен жұмыстарымыздың сапасына кедергі келтіре алмайтындығы қуантады. Елдерімізде жүзеге асырылып жатқан вакцинация мен өзге іс-шаралар таяу уақытта ахуалдың тұрақтануына мүмкіндік беріп, келесі отырысты дәстүрлі форматта өткізетіндігімізге сенімдімін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, пандемия және онымен байланысты іс-шаралар жаһандану процесін үзіп, әлемдік шаруашылық тәртіптің құрылымын өзгертті. Әлемнің ірі экономикалары арасындағы сауда-экономикалық жанжалдар күрделі жағдайды күрделендіре түсуде. «Осылайша, әлемдік қоғамдастық біршама күрделі сын-тегеуірінмен, міндеттермен бетпе-бет келіп отыр.
Пандемия жаһандық және елдік деңгейде денсаулық сақтау жүйесі мен экономиканың әлсіз тұстарын көрсетіп бергені анық. Екінші жағынан, ол экономиканың жекелеген салаларының – фармацевтика өнеркәсібінің, медициналық қызмет саласының, биоинженерлік және цифрлық технологиялардың дамуына тың серпін берді.
Осынау жаңа жағдайларда біз барынша өзекті мәселелердің – экономикалық дағдарыс салдарын қалай еңсерудің, экономика дамуының қалпына келу жолына шығудың тиімді шешімін табуымыз қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Дереккөз: inform.kz

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар