Коронавирус жағдайына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
23 мамырдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.
«Жасыл» аймақта:Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Дерекөз: inform.kz