Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысы прокуратурасымен 400-ден астам қызметкердің конституциялық құқықтары қорғалды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысы прокуратурасымен 400-ден астам қызметкердің конституциялық құқықтары қорғалды

Еңбек заңнамасын талдау барысында прокурорлар мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындар тарапынан үй-жайларды тазалауды жүзеге асыратын қызметкерлердің құқықтарын бұзу фактілерін анықтады.

Осылайша, «Ұйымдар мен қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 31.12.2015 жылғы ҚР қаулысына сәйкес өндірістік және қызметтік үй-жайларды жинау кезінде дезинфекциялау құралдарын пайдаланатын жинаушыларға базалық лауазымдық айлық ақының 20%-ы, ал дезинфекциялау құралдарын пайдалану арқылы дәретханаларды жинаушыларға 30%-дан бастап үстемақы төленеді.

Алайда бұл талаптар сақталмайды.

Мысалы,Бурабай ауданының Веденов ауылдық округінде техникалық қызметкерлерге қызметтік үй-жайларды және дәретхананы жинағаны үшін 30% мөлшерінде үстемақы төленбеген. Осылайша, ай сайынғы жалақыға 5 мың теңгеден астам ақша қоса төленбеген, бұл жайт елеулі болып табылады.

Мұндай бұзушылықтар облыстың барлық аудандары мен қалаларында анықталды.

Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша бұзушылықтар жойылды, төлем толық көлемде жүргізіледі. Сонымен қатар, қызметкерлерге 2020 жылға арналған жалақыға тиісті үстемақылар төлеу туралы мәселе шешілуде.

Осы бағыттағы жұмыстар әлі жалғасуда.

Ақмола облысының прокуратурасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар