Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық Банк қызметінің басым бағыттары бойынша жүргізілетін зерттеулерге гранттар беру туралы - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық Банк қызметінің басым бағыттары бойынша жүргізілетін зерттеулерге гранттар беру туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық Банк қызметінің басым бағыттары бойынша жүргізілетін зерттеулерге грант беру ережесін бекітті.
Ереже байқаудың іріктеу процедурасын реттейді, процестің негізгі қатысушыларын, олардың рөлі мен функцияларын анықтайды, жұмыстарды бақылау және алынған қаражаттарды мақсатты пайдалану тәртібін белгілейді.

Ұлттық Банк 2021 жылы 25 қаңтарда жарияланған Зерттеу бағдарламасында көрсетілген басым бағыттар бойынша зерттеулерге грант беруді жоспарлап отыр. Жоба іске асқан жағдайда Қазақстандағы экономикалық зерттеулердің дамуы-на, экономикалық саясаттың сын-тегеуріндерін түсінуді жақсартуға және макроэкономикалық дискурс деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Гранттар байқау негізінде беріледі. Зерттеу тақырыптарының тізімі, талаптары, таңдау шарттары, өтінімдер қабылдау мерзімі мен әдісі Ұлттық Банктің интернетресурсында жарияланады.

Грантқа академиялық, ғылыми және зерттеу ұйымдары, деректерді жинауға, сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдар өтініш бере алады. Зерттеу жүргізу үшін өтініш беруші тарап орындаушылар командасын жасақтайды. Байқауға қатысу үшін өтінім беруші ұйымға ұсынылған зерттеу әдістемесінің сипаттамасы, оны өткізу жоспары, күтілетін нәтижелер, зерттеушілердің біліктілігі туралы ақпарат, сондай-ақ негіздемесі мен шығын сметасы көрсетілген өтінім жіберілуі керек.

Грант беру туралы шешімді грант ұсыну бойынша комиссия қабылдайды, оның құрамына Ұлттық Банк пен басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. Байқауда іріктеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін өтінімдер тәуелсіз шолушылардың қорытындылары негізінде қарастырылады.
Ереженің толық мәтінімен Ұлттық Банктің интернет-ресурсында танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады: +7 (7172) 77 52 10. e-mail: press@nationalbank.kz, www.nationalbank.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар