Дина Жоламан Азия чемпионы атанды

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, Дубайда (БАӘ) бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты жарыста Ақмола облысының былғары қолғап шебері Дина Жоламан 54 келіге дейінгі салмақтағылар арасында өзбек спортшысы Ситора Шогдарованы тізе бүктірді.

Айта кетейік, ақмолалық боксшы Қазақстан құрамасынан қоржынына үшінші медальді салды. Дина Жоламанның әуесқой мансабындағы басты жетістігі 2016 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісі болып табылады.

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар