Степногорск әкімі ерекше балаларды мерекемен құттықтады

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, елімізде жыл сайын 1 Маусым – Халықаралық балалар күні аталып өтіледі. Степногорск қаласының әкімі өңірдегі ерекше балаларды осынау күнмен құттықтап, демеушілер атынан сыйлықтар үлестірді.

Степногорск қаласында мүгедек балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі жұмыс істейді.

Қызметтерді 13 әлеуметтік қызметкер, бөлім меңгерушісі және консультант ұсынады.

Балаларды әлеуметтендіру үшін бөлімше мамандары қамқорлықтағылардың бос уақытын ұйымдастырады. Ол үшін үстел ойындарын, кітап оқуды пайдаланады, кітапханалық қызмет көрсетуді, танымдық экскурсияларды, түрлі қолөнер бұйымдарын жасауды ұйымдастырады, «Шебер қолдар» үйірмесінің сабақтары өткізіледі, онда балалар әлеуметтік қызметкерлермен бірге қолөнер, ойыншықтар жасайды.

Мерекелік күндерге демеушілік қаражат есебінен ерекше балаларды құттықтау да ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Қазақалтын ТКМК» АҚ, «Энтерпрайз» ЖШС тұрақты негізде тәтті сыйлықтар ұсынады, «Аманжол_М» ЖШС – 2019 жылы қысқы комбинезондар, 2020 жылы спорттық костюмдер, 2021 жылы төсек-орын жиынтықтары, тәтті сыйлықтар, «Astana – Nan Chemicals» ЖШС бөлімше үшін 15 жаңа орындық сатып алу бойынша көмек көрсетті.

«Карантин жағдайына байланысты бүгін барлық балаларды шақыруға мүмкіндік болмады, қала әкімі ерекше балаларға сыйлықтарды табыс етті, қалғаннын волонтерлер және әлеуметтік қызметкерлер таратып беретін болады», – дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

Айталық, аймақта ерекше білім беру қажеттіліктері бар 10 мыңнан астам бала тұрады. Оларға ерекше көңіл бөлініп, жергілікті ұйымдармен қажетті көмек көрсетіліп отырады.

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар