Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Ақтөбе облысының Шалқар қаласында Кеңес Одағының Батыры Ыдырыс Үргенішбаевты еске алуға арналған бокстан республикалық турнир өтті.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен барлығы 200-ден астам былғары қолғап шеберлері қатысты.
Ақмола облысының құрамасы сапында болған бурабайлық Әлихан Жетпісов 40 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Ол бапкері Константин Рыбинскийдің жетекшілігімен жаттығады.