Жылу қазандықтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жылу беру қуаттылығын арттыру үшін жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары да кезең-кезеңімен атқарылып келеді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылы Ерейментау ауданыңда тұрғындар пәтерлердегі төмен температураға шағымданды. Мұның себептері қазандық қондырғыларының жұмыс жағдайынан шығуына әкелген пайдалану процесінде анықталған ақаулар болды.

Ерейментау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Ботагоз Аманбектің айтуынша  «Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында аталған жылу қазандығын жөндеуге бюджеттен қаржы  бөлінген.

«Қазіргі таңда 80 процент жұмыстар атқарылған. Барлық материал әкелінген. Жолдағы аббатандыру, даладағы түтін шығаратын түтіктерді ауыстыру  қалған. Мұнда 188 адам жұмыс істейді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында  94 адам еңбек етеді» – деп мәлімдеді  аудандық ведомство басшысы.

Бүгінгі күні қазандық жылумен 279 үй мен 2420 пәтер қамтылды, нысан 23 көппәтерлі және 404 жеке тұрғын үйлерді, сондай-ақ 25 әлеуметтік мекемелерді қосу жоспарланған. Жобаның іске асыру мерзімі – 2 жыл.

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар