Жақсылық кәсіпкер 100 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын ашпақшы

«Сыбаға» бағдарламасына қатысқан «Виктор» шаруа қожалығының басшысы Вадим Витт 20 жылдан бері егіншілікпен бірге мал шаруашылығын да қатар алып келеді.

2019 жылы Вадим Викторович «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Симментал» асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға несие алды, сол жылы 47 бас көлемінде алғашқы партиясын әкелді. Жақында Германиядан 50 бас асыл тұқымды ірі қара мал алдырды. Соның есебінен шаруа қожалығында қосымша жұмыс орындары құрылды.

«Сиырларды сауамыз, қаймақ, май, сүзбе, ірімшіктің екі түрін өндіреміз. Сондай-ақ, біз сүтті Атбасар, Көкшетау және Нұр-Сұлтан тәрізді қалаларға өткіземіз. Биыл 100 басқа арналған заманауи тауарлы сүт фермасын салу жоспарда бар», – дейді кәсіпкер.

Мал шаруашылығындағы шағын және орта кәсіпорындарды қолдау жөніндегі жобаларды іске асырудың арқасында егемендік жылдары өңірдің ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі жүздеген есеге өсті.

Айта кетейік, бүгінде облыста мал бордақылауда республика бойынша ең үлкен әлеует бар – бір мезгілде 36,5 мыңнан астам ірі қара мал ұстауға болады.

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар