ҚазАқпарат – Коронавирус бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
7 маусымдағы жағдайға сәйкес:
— «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы,
— «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары,
— «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.
Жалпы, Қазақстан коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа өтті.