Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Соңғы тәулікте 59 адамның індет жұқтырғаны анықталды - АРҚА АЖАРЫ

Соңғы тәулікте 59 адамның індет жұқтырғаны анықталды

Ағымдағы жылдың 8 маусымындағы жағдай бойынша облыста COVID-19 қауіпті індеті 22946 адамнан зертханалық жолмен анықталып, тіркелген. Өткен бір тәулік ішінде коронавирус пандемиясын 59 адамның жұқтырғаны анықталып отыр.

Өңірімізде бүгінге дейін тіркелген 22946 жағдайдың 16392-сі симптомды болса, 6554-і қауіпті вирусты тасымалдаушылар.
Облыс бойынша ересектер арасында тіркелген 20422 жағдайдың 2524-і 14 жасқа дейінгі балаларда кездесіп отыр.

Ағымдағы жылы қауіпті індетпен ауырғандар саны 15699-ға жетсе, маусым айының алғашқы он күндігінде 571 адам індет жұқтырған. Нақтырақ айтсақ, соңғы аптаның ішінде, яғни, 2021 жылдың 2-8 маусым аралығында COVID-19-дан 494 жағдай тіркелді. Өткен аптада 718 адам. Сөйтіп, ауырғандар саны 1,4 есеге төмендегені байқалады.

Соңғы бір тәулікте коронавирустан зертханалық жолмен 59 адамның ауырғаны расталды. Оның 50-і зертханалық жолмен анықталса, тоғыз адам ауруды тасымалдаушылар. Сөйтіп, ауырғандар тәулігіне 0,3 пайызды құрап отыр. Қауіпті індеттің 15-і Аршалы ауданында,тоғызы Бурабай, алтауы Ақкөл, Бұланды, Целиноградта, ал, Көкшетау қаласы мен Атбасар және Шортанды аудандарында төрт адамнан болса, Ерейментауда үшеу, Степногорск қаласы мен Сандықтау, Зеренді, Біржан сал аудандарында бір-бірден тіркеліп отыр.

Ал, осы пандемиядан мектеп оқушылары арасында соңғы бір тәулікте аурудың тағы жеті жағдайы тіркелді. Нақтырақ айтсақ, Аршалы ауданында төрт жағдай анықталса, Бұланды, Ақкөл, Шортанды аудандарында бір-бір адамнан қосылған. Олардың бәрі де онлайн режимде тіркелген. Жалпы, қауіпті індеттің мектеп оқушыларының арасында 472-сі Көкшетау қаласының үлесіне тиеді. Ал, Степногорск қаласында 76, Бурабай ауданында 170, Зерендіде 51, Сандықтау ауданында 48 жағдай зертханалық жолмен расталды.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар