Ақмолалық кикбоксерлер Қазақстан чемпионатында үздік нәтижелер көрсетті

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, Шымкент қаласында кикбоксингтен балғындар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.

Ақмола облысының спортшылары жеті медаль жеңіп алды. Оның ішінде Максим Алексеев чемпион атанса, күміс жүлдеге Төлебай Айзиза, Ярослав Малышев және Лаура Галиева ие болды. Ал, Алан Қапаров, Валерия Гильденберг және Жанаберген Тимур қоланы місе тұтты.

Жас спортшыларды бапкерлері Александр Герасимов, Роза Искаренова, Хегай До-Бин, Радмир Миниханов, Николай Вагайцев және Данияр Қазиев жаттықтырады.

 358 total views,  44 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар