Қазақстанда қай салаларда инвестицияның өсімі бар

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев инвестициялық белсенділік байқалған салалар мен өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі капиталға инвестициялардың өсімі 25,5% болды. Инвестициялардың өсуі құрылыста – 2,3 есе, өңдеу өнеркәсібінде – 82%, оның ішінде тамақ өнімдері өндірісінде – 24%, ақпарат және байланыста – 53%, ауыл шаруашылығында – 47%, сауда – 46%, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 29%, көлікте – 19% деңгейін көрсетті», – деді Ұлттық экономика министрі бүгінгі Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, биылғы қаңтар-сәуір айларында сыртқы сауда тауар айналымы 28,1 млрд доллар болды, оның ішінде экспорт – 16,7 млрд доллар. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 16,2%-ға өсіп, 5,4 млрд долларға жеткен. «Тауарлар импорты 11,4 млрд долларды құрады. Осылайша 5,3 млрд доллар деңгейінде оң сауда балансы қамтамасыз етілді. Өңдеу өнеркәсібі өнеркәсіптік өндіріс динамикасындағы үрдістерді айқындауды жалғастыруда. Өсім 7,2%-ды құрады. 14 өңір өңдеу өнеркәсібінде оң қарқын көрсетті.
Ең жоғарғы көрсеткіш Алматы қаласында, Алматы облысында және Нұр-Сұлтан қаласында байқалуда. Өңдеу өнеркәсібінде төмендеу 3 өңірде тіркелді. Олар – Батыс Қазақстан, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары», – дейді Ә. Ерғалиев. Министр көптеген өңірлерде жоғары инвестициялық белсенділік байқалғанын атап өтті. Ең жоғарғы көрсеткіш Түркістан және Павлодар облыстарында, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады. Инвестиция көлемінің төмендеуі Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында тіркелген.

Дереккөз: www.inform.kz/

 

 352 total views,  44 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар