Облыс жастары Түркістанның киелі жерлерін саяхат жасады

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «TÁÝELSIZ JASTAR KERÝENI» жобасы аясында Ақмола облысының жастарына, соның ішінде белсенділер, еріктілер мен түрлі мекемелердің қызметкерлеріне түркітілдес әлемнің ең танымал мәдени-тарихи және Киелі орталықтарының бірі – Түркістан қаласына сапары ұйымдастырылды.

Экскурсия киелі орындарды, қаланың көрікті жерлерін аралаудан, жаңа сәулет нысандарын шолудан, «Жұлдызды кеш» таланттар шеруін, сондай-ақ, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне экскурсиядан тұратын толық бағдарламаны қамтиды.

«Қазақстанның қуаң даласының ортасында орналасқан Түркістан қаласы-туризм саласы тарихының нағыз сыйы. Мен киелі орындарға барған кезде жоба қатысушылары өздері үшін көптеген пайдалы ақпарат алатынына, басқа қалалардағы әріптестерімен сөйлесетініне, сондай-ақ, көптеген жағымды эмоцияларға ие болатынына сенімдімін.

Біз осы қасиетті орынға бару мүмкіндігіне ие болғанымызға өте қуаныштымыз», – деді Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәнсия Есекеева.
Жоба Ақмола облысының жастары үшін Тәуелсіздік мерейтойында жүзеге асырылып жатқан көптеген жобалардың бірі болып табылады.

 294 total views,  50 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар