Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мал басы өсіп, инвестиция көлемі артты - АРҚА АЖАРЫ

Мал басы өсіп, инвестиция көлемі артты

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов биылғы жылдың 4 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде айтып берді.

Коронавирустық пандемияның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қарамастан, есептік кезеңде аудандағы әлеуметтік-экономикалық даму және қоғамдық-саяси жағдай тұрақты екен. Өңір дамуының негізгі бағыты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауына және өзге стратегиялық мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес анықталыпты. Аудан әкімі өз сөзінде ауыл шаруашылығы өңір экономикасының негізгі саласының бірі болып табылатынын айтты.

– Биылғы жылдың төрт айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құны 1,8 миллиард теңгені немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 120 пайызды құрады. 1194 тонна тірі салмақта мал мен құстың барлық түрлері сойылды. Есептік кезеңде 3457,4 тонна сүт, 1,3 миллион дана жұмыртқа өндірілді. Сүт өндірісі азаюының себебі «Торғай СХОС» серіктестігінде семменталдық сауынды сиырды буро-латыш тұқымына ауыстырумен тікелей байланысты болып отыр. Сондай-ақ, жылқының 6,6 мың басқа, қой-ешкінің 20,1 мыңға, құстың 59,3 мыңға көбеюі байқалады. Ірі қара малдың 20,6 мың басқа дейін азаюына жол берілді. 424,3 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақ дақылдары, оның ішінде 373,3 мың гектар жерге бидай, 43,7 мың гектарға арпа, 18,6 мың гектар алқапқа майлы дақылдар себілді. 964,2 гектар жерге картоп отырғызылды.

Есептік кезеңде өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,2 миллиард теңгеге жетті. Өнеркәсіп өндірісінің индексі 120 пайызды құрады. Биылғы жылы 4 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бөлшек тауар айналымының көлемі 1,3 миллиард теңгені құрады. Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 798,3 миллион теңге салық және өзге де міндетті төлемдер түсті. Инвестицияның көлемі 3,5 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылғы деңгейден 2,2 есе артық. Инвестицияның негізгі көзі кәсіпорынның өз қаржысы болып табылады. Қаржы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, өндіріс және сауда нысандарының құрылысына бағытталды,–деген аудан әкімі кезекте тұрғындардың баспана мәселесін шешу үшін 45 пәтерлік тұрғын үйдің кілті тапсырылғанын айтты. Сондай-ақ, инженерлік жүйесімен 32 пәтерлік тұрғын үйді сатып алу үшін облыстық бюджеттен 343,8 миллион теңге бөлініпті. Биылғы жылы 45 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталады деп жоспарлануда.

–Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы Ақсай селосындағы сумен қамтамасыз ету жүйесі қалпына келтіріледі. Свободный селосындағы сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысы жүргізіледі. Красивый және Знаменка селосындағы су құбыры жүйесін және ғимаратын қалпына келтірудің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда. 2021 жылы облыстық бюджеттен Есіл қаласының көшесіндегі жол жүйесін орташа жөндеуге 160 миллион теңге, Бұзлық-Алматы автокөлік жолын орташа жөндеуге 829 миллион теңге қарастырылды. Аудан орталығындағы балалардың 5 спорттық-сауықтыру алаңын, жаяу жүргінші жолын, орталық алаңын, екі скверін абаттандыру жұмысы жүргізілуде.

Барлық қаржы облыстық бюджеттен бөлінді. Есептік кезеңде аудан бойынша 151 жаңа жұмыс орны ашылды, 120 адам жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орнына, қоғамдық жұмысқа жіберілді. 101 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жаңа бизнес идеяны жүзеге асыру үшін 10 грант берілді. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған 194 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Көп балалы 8 ана жеңілдетілген жолақымен қамтамасыз етілді. Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу аясында тыл еңбеккерлеріне, чернобылдықтарға, бейбіт уақытта қайтқан әскери адамдардың отбасына ақшалай төлем жасалды,–деді аудан әкімі. Одан әрі ол білім, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, құқықтық тәртіп салаларындағы жағдай жөнінде айтып берді, журналистер қойған сауалдарға жауап берді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар