Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шалғайдағы ауылдарда ауыз су мәселесі біртіндеп шешілуде - АРҚА АЖАРЫ

Шалғайдағы ауылдарда ауыз су мәселесі біртіндеп шешілуде

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні бір орталықтандырылған сумен облыс халқының 89,7 пайызы қамтылған.

Мәселен, өткен жылы Жақсы ауданындағы Новокиенка ауылында сумен жабдықтау жүйесін жаңарту жобасы іске асырылды. Есіл ауылының халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Осы ретте, аудан орталығы Жақсы ауылын сумен қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарда. Екі жылға жуық уақыт бойы іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілді, соның нәтижесі жоба жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы ұңғымалық су жинау және су тарату жұмыстары қолға алынды. Мердігер ұйым ретінде Көкшетау қаласының «Көкшетаугидрогеология» акционерлік қоғамы анықталды. Жобаларды жүзеге асыру барысы туралы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дәулет Қосшығұлов айтып берді.

«Нысандағы құрылыс жұмыстары мамыр айының басында басталды. Бүгінде мердігерлер екі су тарту ұңғымасын бұрғылау жұмыстарын жүргізуде», — деді Дәулет Қосшығұлов.

Сонымен қатар, Перекатное ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де шешілді. Бұл су құбыры желілері 1939 жылы салынған және тозығы жеткен, ауыстыруды қажет етеді.

Жалпы, облыста 5 жыл ішінде 107 елді мекенді бір орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2021 жылы Ақмола облысы бойынша 10 елді мекенде сумен жабдықтау және су құбыры жүйесінің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 8 жоба аяқталды, 2 нысанды ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар