Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолалық оқушылар «Табиғатты аяла!» республикалық экологиялық форумның жүлдегерлері атанды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолалық оқушылар «Табиғатты аяла!» республикалық экологиялық форумның жүлдегерлері атанды

Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, өскелең ұрпақты экологиялық мәдениетке және туған өлкенің табиғатына жанашыр бағытында тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған форумға еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және 14 облыстарынан балалар қатысты.

Ақмола облысының намысын облыстық экологиялық іс-шаралардың жеңімпаздары қорғады. Олар: Громова Мария, Пушкарев Роман, Лю Милана, Төлегенова Алтын, Шатрова Виктория, Гнатченко Кристина, Уалиев Нариман, Чореску Дарья, Сыздыкова Адия, Сокол Алина.

Форум бірнеше конкурстық номинациялардан тұрды:
1. «Туған өлке тарихы» виртуалды саяхат;
2. «Жасыл экономика» зерттеу жобаларының байқауы;
3. «Денсаулық және қоршаған орта» жобалар байқауы;
4. «Экоболашақ» көгалдандыру бойынша өткізілген экологиялық
жұмыстар туралы бейнероликтер байқауы;
5. «Жасыл оазистер» экодизайнерлер байқауы;
6. «Жеңіс мамыры» панно немесе коллаж байқауы.

Іс-шараның қорытындысы бойынша біздің балалардың жеткен жетістіктері:
«Туған өлке тарихы» номинациясы — Степногорск қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушісі Пушкарев Роман 2 орынға ие болды.
«Экоболашақ» номинациясы — Аршалы ауданы Арнасай ауылының жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Уалиев Нариман 2 орын алды.

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Форумға қатысушылардың барлығына сертификат берілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар