Ақмола облысында ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде республикалық «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр.
Оның барысында барысында алкогольді ішімдіктерді пайдаланатын, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс жерде тұратын, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау бойынша рейдтер жоспарланған.
Сонымен бірге, балалардың құқықтарын бұзу, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалу фактілерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Акция ағымдағы жылдың 17-маусымынан басталып, 20 маусымына дейін жалғасады.
Жалпы, жыл басынан бері балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамайтын 200 ата-анаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.