Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жер қатынастары саласындағы цифрландыру: Ақмола облысында жер учаскелері қалай беріледі - АРҚА АЖАРЫ

Жер қатынастары саласындағы цифрландыру: Ақмола облысында жер учаскелері қалай беріледі

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында «Antikor.Lіvе» тікелей эфирінде облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралина жер қатынастары саласында ашықтықтың қалай қамтамасыз етілетіні туралы айтып берді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қазіргі уақытта облыста Өңірлік геоақпараттық жүйе құру бойынша жұмыс жүргізілуде, оның көмегімен жер учаскелерін беруді жүзеге асыру жоспарлануда. Жалпы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі цифрлық технологияларды енгізу арқылы жер берудің қазіргі тәртібінің тұжырымдамалық өзгерістерін көздейтін және жер учаскелерін тікелей және сауда-саттық жүргізу арқылы электрондық тәртібін айқындайтын кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуде. Көрсетілген шаралар қызмет көрсету мерзімін қысқартуға, әкімшілік кедергілерді, қағаз құжат айналымының санын азайтуға және тиісінше келіп түсетін шағымдар санын қысқартуға мүмкіндік береді» — деді Алмагүл Кадралина.

Спикер атап өткендей, Ақмола облысы әкімдігінің бастамасымен республика бойынша ЖТҚ үшін кезекте тұрғандардың бірыңғай базасы құрылды, ол арнайы есепте тұрған адамдар тізімінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

ЖТҚ үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандардың тізімі облыстың аудандары мен қалалары әкімдіктерінің ақпараттық порталдарында орналастырылған. Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша өңір аумағында жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алуға кезектілік 122 314 өтінішті құрайды. Ең көп кезектілік облыстың астана маңындағы аудандарында — Аршалы (11753 бірл.), Целиноград (79389 бірл.), Шортанды (7078 бірл.) аудандарында, сондай-ақ Көкшетау қаласында (14517 бірл.) және Бурабай курорттық ауданында (5309 бірл.) байқалады.

«Бүгінгі күні өңір әкімдіктері осы бірыңғай базаға ЖАО-да кезекте тұрғандарды толықтыру бойынша жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылдың 1 маусымына базаға 64 387 кезекте тұрғандар енгізілді, бұл 52% — ды құрайды. Осы орайда, 2009 жылға дейін өтініш берген ақмолалықтарға, яғни елде ЖСН енгізгенге дейін айтқым келеді: қандай да бір түсінбеушілікті болдырмау үшін кезекте тұрғандардың тізімін салыстырып, ЖАО-ның уәкілетті бөліміне қажетті деректерді ұсыныңыз» — деп Басқарма басшысы айтты.

Сонымен қатар, тікелей эфирдегі диалог барысында Басқарманың үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимылы мәселелері, жер комиссиялары мен қоғамдық кеңестердің жұмысы, сондай-ақ мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Өңірлік Жер қатынастары басқармасы қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс-әрекеттерге тап болған жағдайда азаматтар 8 (7162) 25-68-66 сенім телефонына хабарласа алады. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, оған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының куәгерлері болған азаматтар жүгіне алады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар