Ақмола облысының мамандандырылған ауданарылық экономикалық сотында «Билер кеңесі» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Оған билер кеңесінің мүшелері Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы, Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы қатысты.
Билер кеңесінің басты мақсаты халық арасындағы ұсақ-түйек дауларды сотқа жеткізбей-ақ ақсақалдардың, яғни билердің араласуымен, кеңесімен шешу болып табылады. Бұл игі бастама азаматтар үшін де, сот органдары үшін де тиімді, жалпы ел ішіндегі дауласушылық деңгейін азайтуға ықпал етеді.
Дөңгелек үстел аясында билер шараға қызу қолдау көрсетіп, азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге, көптеген мәселелерімізді халық болып, қоғам болып шешуге жасалған осынау бетбұрысқа оң бағаларын берді.