Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының ардагерлері мен қызметкерлері!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Ақмолалық журналистер қашан болсын өздерінің халық алдындағы жауапкершіліктерін терең сезініп келеді. Бізде кәсіби журналистиканың бай мектебі қалыптасып, сол үрдіс күні бүгінге дейін жалғасып келе жатыр.

Сіздер өз қаламдарыңызбен тәуелсіз елімізді өркендетуге, ұлтаралық ынтымақ пен өзара келісімді нығайтуға, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жетістіктерін жазып көрсетуде қажырлы еңбек етіп келесіздер. Сол еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Биыл біздің еліміз өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өткелі отыр. Бұл кезең біздің Отанымыздың Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен әлемдік аренада кеңінен танылуының, өсіп-өркендеуіміздің, кемелденуіміздің тарихи кезеңі болды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында еліміздің 30 жылда жүріп өткен жолын саралай келіп, біздің алдымызға тың міндеттер белгілегені анық. Қазіргі ел дамуының жауапты кезеңінде баспасөз саласының қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бүгінгі күні мемлекеттік саясатты жүргізуді жаңаша ұйымдастыру, «халық үніне құлақ асатын мелекет» жүйесін одан әрі жетілдіру және елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау басты міндеттердің бірі. Осы жолда біздің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өздерінің бар қалам қарымымен тәуелсіз еліміздің алдында тұрған міндеттерді шешуге өңір тұрғындарын жұмылдыра түседі деген сенімдемін.

Мереке баршаңызға құтты болсын, әрқайсыларыңыздың отбасыларыңызға амандық-саулық, бақыт пен құт-береке тілеймін. Біздің тәуелсіз еліміз одан әрі гүлденіп, өркендей берсін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар