Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әріптесіміздің бейнесі – ескерткіш тақтада - АРҚА АЖАРЫ

Әріптесіміздің бейнесі – ескерткіш тақтада

Облысымыздың журналистикадағы саңлақтарының ішінде ол ерекше орын алатын. Оның жазған мақалалары терең мағынасымен, белсенді азаматтық ұстанымымен, кейіпкерлеріне деген шынайы қамқорлығымен айрықша еді.

Ақмола облыстық «Акмолинская правда» газетінің бұрынғы редакторы марқұм Валентина Косянюкті әріптестері қаламгердің тұрған үйінің алдында сағынышпен еске алып, ыстық лебіздерін жеткізді. Валентина Викторовнаның өмірден өткеніне биыл үш жылдың жүзі болды. Тірі болғанында үстіміздегі жылдың 27 наурызында 60 жасқа толар еді. Облыстық әкімдіктің, «Nur Otan» партиясы жергілікті филиалының өкілдері, әріптестері, туыстары мен дос-жарандары Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында осынау ізгі жанның, туған елінің шынайы патриотының рухына тағзым етіп, тұрған үйіне орнатылған мемориалдық тақтаның ашылуына қатысты.

–Валентина Викторовна небары 30 жасында көптиражды газеттің редакторы болды. 2001 жылдан бастап өмірінің соңына дейін облыстық «Акмолинская правда» газетіне басшылық жасады. Оның кәсіби шеберлігінің, журналистік жаңа жобаларының, терең мағыналы мақалаларының арқасында «Акмолинская правда» республикаға танымал өңірлік басылымдардың біріне айналды. Валентина Викторовнаның тәлімгерлік етуімен көптеген жас журналистер өсіп жетілді, бүгінде олар ұстаздарының жолын жалғап келеді, – деді жиналған қауым алдында сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова.
Ал, «Ақмола-«Тіршілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, журналист, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев қалалық газеттерді жаңғырту мәселесі туындап, Көкшетау Ақмола облысының орталығы болғаннан кейін Валентина Косянюк екеуіне облыстық газеттерді басқару міндеті жүктелгенін, осындай жауапты қызметте екеуі бір-біріне қашанда қолдау көрсетіп отырғанын тебіреніп еске алды.

–Валентина Викторовнаны 20 жылдан артық білдім. Одан жасым үлкен болғаннан кейін журналистикадағы тәжірибем де мол болды. Дегенмен, көп жағдайларда сол кісімен кеңесетінмін. Кейде келіспей қалатын кездеріміз де болды. Қазір ойлап қарасам, оның айтқандарының көбі дұрыс екен. Бұл өмірден күш-қуаты мен жоспарлары мол адамдардың ерте кетіп жатқаны өте өкінішті. Ол таланты Құдайдан дарыған журналист, жоғары кәсіби маман болатын. Одан үйренгеніміз көп. Тірі жүргенімізде ол жайлы жылы естеліктер жүрегімізде сақталады, – деп еске алды журналистика саласының ардагері, жазушы, аудармашы Дәулетжан Ахметжанов.

Әріптесіміздің артында қалған қуанышы, мақтанышы – оның ұлы Александр. Анасының берген өнегелі тәрбиесінің арқасында ол да өмірден өз орнын тапты, екі баланың әкесі атанып отырған жайы бар.

–Анамызға орнатылған мемориалдық тақта – отбасымыз үшін үлкен мерей. Мұнда оның немерелері мен шөберелері келіп, әжелерін еске алып отыратынына еш күмәнім жоқ. Алайда, анамды тірі кезінде білмеген жас ұрпақ та осы мемориалдық тақтаға қарап, оның рухына тағзым етеді және келешекте өз өмірін журналистика саласымен байланыстырады деп ойлаймын. Өз балаларымды да әжелерінің өмірлік жолы негізінде тәрбиелеуге тырысамын, – деді марқұмның ұлы Александр.

Иә, Валентина Викторовнаның өмірдегі басты міндеті ол – газет болатын. Әріптестері журналистика саңлағының салып кеткен сара жолын жалғастырып, баспасөз туын әманда биік ұстамақ ниетте.

Нина МИТЧИНОВА,
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар