Ақмола облысының Бурабай ауданындағы теміржол кәсіпорындарының вакцинацияланған жұмысшылары ақылы демалыстар алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудан әкімдігіне сілтеме жасап.
«Теміржол кәсіпорындары КВИ вакцинасын алған әрбір қызметкерге бір ақылы демалыс береді. Біздің ауданда Бурабай курортының 16 станциясы бар», — деп атап өтті Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Анар Күзембаева.
Оның айтуынша, бұл — ауданда халық арасында вакцинациялауды ынталандыруға бағытталған жалғыз акция емес. «Сонымен бірге, біздегі «Ақ желкен» сауда үйінде де вакцинацияланғандар арасында ұтыс ойнатылуда. Тұрмыстық техника жүлдеге тігілген. Бұдан бөлек, біз сауда үйлерімен вакцинация паспортын ұсынған клиенттерге жеңілдік беру жөнінде келіссөз жүргізіп жатырмыз», — деді Анар Күзембаева.
Әкім орынбасары атап өткендей, бурабайлықтар бүгінгі таңда Спутник V және Hayat Vax вакцинацаларын жөн көреді. Алайда, жақында Corona Vac вакцинациясын қалайтындардың өсу тенденциясы байқалды.
Бүгінгі таңда бурабайлықтардың 23 пайызы вакцинацияланды. Айта кетсек, бұған дейін «RG Gold» вакцинацияланған қызметкерлердің 25 мың теңге көлемінде жалақыға қосымша ақы алатынын хабарлаған еді. Осы күні кәсіпорынның 100-ден астам қызметкері вакцина алып үлгерген.
Дереккөз: www.inform.kz