Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетаулық кәсіпорын вакцина алып жатқандарға күн сайын су жеткізіп береді - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетаулық кәсіпорын вакцина алып жатқандарға күн сайын су жеткізіп береді

Көкшетауда вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны ұйымдастырылып, ақшалай сыйақы және дәрумендер беріліп жатыр. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Уақыт Бекайдарұлы мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Көкшетау қаласында тұрғындарға вакцина салу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Аталмыш науқанға медицина қызметкерлерімен бірге, бизнес саласы да атсалысуда. «Күн сайын «Тұран» (Көкшетау минералды сулары) акционерлік қоғамы №1 қалалық емханаға вакцина алғандар үшін 100 шөлмек су жеткізіп береді. Бұл бастама халықтың вакцина алуын ынталандыру үшін қолға алынған.

Мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтер жұмысшыларына бір күндік демалыс беріп отыр. Мәселен, «Ақсай нан» ЖШС екпе алуға барған әр жұмысшыға екі күн бойы 2 мың теңгеден ақша береді», — дейді қала әкімінің орынбасары. Сонымен бірге, Краснояр кентіндегі бастауыш медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы вакцина алған әр тұрғынға дәрумен үлестіруде.

Ал, облыс орталығындағы «Асыл арман» ЖШС күн сайын вакцина алғандар арасында 100 000 теңгенің ұтысын өткізіп жүр. Айта кетсек, пандемия басталғаннан бері Көкшетау қаласында 7 765 жағдай тіркелді, оның ішінде 5761 — белгілері бар, 2004 — симптомсыз. Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 246 пациент ем алып жатыр. Инфекциялық стационарлардың төсек қорының толу көрсеткіші — 67 пайыз.

Оның ішінде өте ауыр жағдайда, өкпені желдету аппаратына 4 адам қосылған, ауыр жағдайда оттегі қолдауындағы 30 адам бар. Осы ретте, облыс орталығында тұрғындарды вакцинация жұмысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда қалаға вакцинаның 37 мыңға жуық дозасы келіп түсті. Қала бойынша 20 егу пункті ашылды. Екпе алу үшін қала бойынша мобильді пунктілер ашылған. Сондықтан кез келген адам ыңғайлы уақытта «Sputnik V», «Qaz Vac» және «Hayat Vac» вакциналарын таңдай алады. Қазіргі уақытта қажетті қор қамтамасыз етілген.

Дереккөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар