Облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Щучинск қаласында каратэден «Burabay open» халықаралық турнирі өтті.
Жарыста жерлестеріміз екі алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Оның ішінде Никита Дик (+68 кг) және Данил Кондратов ката әдісі бойынша чемпион атанса, Серік Сайын екінші орынды иеленді. Ал, Жаскен Әли (68 келі) пен Мұсат Дінмұхаммед ката әдісі бойынша және Шахман Мәжитов кумитэден қола медаль алды.