Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында ХҚКО жұмысы сынға алынды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында ХҚКО жұмысы сынға алынды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшылығының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ облыстық филиалы өкілдерінің қатысуымен онлайн режимінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын қарау және жою бойынша кездесу өтті.

Кездесуге қатысушыларға аудандық автоЦОНдардың бірінің лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ облыс азаматына қатысты қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы негізінде енгізілген ұсыну бойынша ақпарат жеткізілді.

Қылмыстық статистика көрсеткендей, 2018 жылдан бастап облыстық Антикор «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ филиалы мен оның бөлімшелерінің қызметкерлеріне қатысты 17 қылмыстық істі тіркеді.

Қайта құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы ЖҚЕ білу емтихандарын тапсыру кезінде бақылауды күшейтуді, барлық құрылымдық бөлімшелердің тестілеу кабинеттерінің тексеру іс-шараларын ұйымдастыруды, бағынышты қызметкерлердің жұмысына тиісті бақылауды қамтамасыз етуді ұсынды.

Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамадағы соңғы өзгерістер түсіндірілді. Атап айтқанда, жаңа түзетулерге сәйкес сыбайлас жемқорлық субъектілері болып табылатын квазимемлекеттік сектор лауазымды тұлғаларының шеңбері кеңейтілді, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты құрылды, сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды кез келген квазимемлекеттік сектор лауазымына қабылдауға толық тыйым салынды.

Департамент басшылығы мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаттарының бірі болып табылатынын атап өтті, сондықтан филиал басшылығы қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормаларын сақтауын бақылауды қатаңдату, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО қызметінің айқындығы мен ашықтығын арттыру қажет.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар