Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қасиетіңнен айналайын, қара домбыра! - АРҚА АЖАРЫ

Қасиетіңнен айналайын, қара домбыра!

Домбыра күнінің ұлттық мерекеге айналуы – көнеден жеткен рухани байлығымызға берілген лайықты баға. Сондықтан, ұлттық мәдениетімізді әлемге асқақтататын қасиетті аспаптың ұлықталуы заңдылық. Атаулы мерекеге орай, Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласында 2019 жылы Домбыра ескерткіші орнатылды. Көкшенің көгін ән мен күйге бөлеген Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ сынды дарабоздар туған өлкеде қазақтың қара домбырасына арнап ескерткіш орнату – ұлағатты іс еді. 11 метрлік монумент еліміздегі домбыраға қойылған ескерткіштердің ең үлкені. Композицияның авторы – көкшетаулық белгілі мүсінші Манарбек Бұрмағанов.

«Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы домбыраның бірде күмбірлеген, бірде шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды, жүрекке жақын, оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады. Сымдай тартылған қос ішектен сан ғасырдың сан алуан сипаты ақыл-ойы, көңіл-күйі жатыр. Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі», – дейді Ахмет Жұбанов. Белгілі қазақ композиторының қанатты сөздері күмбірлеген қара домбыраның сан ғасырлық тарихын әспеттесе керек.
Оның үстіне қазіргі уақытта ұлттық аспаптың заманауи музыка ырғағымен үйлесімді үндесіп жатқанын назарға алсақ, домбыра ғұмыры әлі талай ғасыр жасайтынын аңғаруға болады.
Домбыраны Еуропа төрінде күмбірлеткен қазақ
Қазақтың ұлттық брендіне айналған домбыраны төрткүл дүниеге танытқан қазақ дегенде, ең алдымен, ойға Әміре Қашаубаев оралатыны сөзсіз. Осыдан 94 жыл бұрын қазақтың ұлы әншісі Париж төрінде домбырамен ән салып, Еуропа халқына ұлттық аспапты паш етті. ЭКСПО аясында өткен бүкіләлемдік байқауда зор даусымен көрермендерді тәнті еткен Әміре екінші орын алып, күміс медаль иеленді. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы Әміренің сирек кездесетін талант екенін жарыса жазса, Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алыпты.
Әміре Қашаубаев Париж сахнасында «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос»,  «Қос балапан» және тағы басқа әндерді орындады.
Әлем таныған «Ұлытау»
Халықаралық аренада домбыраның мерейін асқақтатқан топтың бірі – «Ұлытау». Этно-рок бағытында өнер көрсететін музыканттар әлемнің бірқатар елінде концерт беріп үлгерді. Топ 2001 жылы белгілі продюсер Қыдырәлі Болмановтың жетекшілігімен құрылған болатын.
2001 жылы «Ұлытау» тобы Голливудта өткен музыкалық чемпионатта Құрманғазының «Адай күйін» күмбірлетіп, бас жүлдені иеленді.
Күйші – Асылбек Еңсепов
XXI ғасырда киелі аспапты әлемге танытып жүрген талантты қазақтың бірі – Асылбек Еңсепов. Күйшінің алғашқы ұстазы – әкесі, сазгер Жасарал Еңсепов. 1999 жылдан бері жеке өнер көрсетуде. Әкесі негізін қалаған ДЭККО (Д – домбыра, Э – эстрада, К – күй, К – компьютер, О – орындаушы) стилін дамытып келеді.
Франция, Қырғызстан, Түркия елдерінде өткен байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Осылайша қазақтың қара домбырасын ол да әлемге танытуда.
2011 жылы Беларусьте Асылбек Еңсеповтің жеке концерті өтті. Қазақ әртісі Минск қаласының сахнасында домбыраның қоңыр үні күмбірледі.
«Нағыз қазақ – домбыра»
Димаш Құдайберген миллиондаған тыңдарманның жүрегін ерекше даусымен ғана емес, түрлі аспапта ойнай алатын талантымен де жаулап алды. Қазақстандық әнші домбыраны әлемдік сахнаға алғаш рет Қытайда өткен «I am Singer» байқауында алып шықты. Сол жолы жас талант Құрманғазының «Адай» күйін шертіп, халық аспаптарының сүйемелдеуімен «Дайдидау» әнін орындады. Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания және Қытайда өткен жеке ән кештерінде де Димаш сахнаға киелі домбырамен шығып, оның сиқырлы сазды үнімен тыңдарманын таң қалдырды.
Өзге басылымдар негізінде әзірлеген:
Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар