Коронавирус бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2 шілдедегі жағдай бойынша: «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды, Маңғыстау облыстары. «Сары» аймақта: Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.
Айта кетейік, 1 шілде күні Маңғыстау және Ақмола облыстары «сары» аймақта орналасқан болатын.
Дерекөз: www.inform.kz