Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Вакцинация – індетті жеңудің жалғыз жолы - АРҚА АЖАРЫ

Вакцинация – індетті жеңудің жалғыз жолы

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов өңірімізде екпе егу бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпарат берді.

Облысымызға үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап коронавирусқа қарсы екпелердің, атап айтсақ «Спутник-V», «Hayat Vax», «Kazvac», «СoronaVac» вакциналарының 280 790 дозасы әкелінген. Жоспар бо-йынша 411 мыңнан астам тұрғынға екпе салынуы керек.

Осы ретте, басқарма басшысының айтуынша, тәуелсіз әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі сұралғандардың тең жартысының вакцинаның тиімділігіне сенбейтінін көрсеткен. Осы ретте, Нариман Ермекұлы вакцинаның індетті жеңудің ең тиімді жолы екенін тұрғындарға кеңінен түсіндіру қажеттігін айтты.

–Әлем болып күресіп жатқан індетті жеңудің жалғыз жолы – вакцинация. Бүгінде облысымызда вакцинацияға қатысты ақпараттық насихат жұмыстары жеткілікті жүргізілуде. Биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап облыс бойынша 129272 адам екпенің бірінші компонентін алса, екпенің екінші компоненті егілгендердің, яғни, вирусқа қарсы иммундық қорғанысы бар адамдардың саны 72755-ті құрайды, – деген спикер өңір бойынша 131 екпе пункттері, 120 мобильді бригада жұмыс істейтінін айтты.

Сонымен қатар, вакцинациялауға 11 жылжымалы медициналық кешен жұмылдырылған.
Брифинг барысында басқарма басшысы коронавирус-пен ауыру деректері, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша ақпарат берді.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар