Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шалғайдағы Шойындыкөл - АРҚА АЖАРЫ

Шалғайдағы Шойындыкөл

Ауылдың жайы кім-кімді болмасын, алаңдататыны бар. Себебі, қазақтың жүрегі ауылмен тамырлас, ел десе елеңдеп тұратынымыз содан-ау! Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары алтын бесік аяулы мекеннің базары тарқап, халық ауылдан үдере көше бастаған тұста көңілге күз орнағандай күйде болдық.

Ауыл жастарының да дені қалаға бет бұрды. Ал, ауылда қалғандар – қара шаңырақтың отын түтетіп, елім деп еміренгендер ғана еді. Алайда, соңғы екі-үш жылда ауыл тұрмысы жақсарып келе жатқандығын жақсылыққа балауға болады. Көзбояушылық емес, қазір ел жақта ауыз толтырып айтар жақсы жаңалық көп. Бұл дегеніңіз күрмеулі мәселе мүлдем жоқ деген сөз емес, тіршілік болғасын, түйіткіл таусылар ма? Қалай дегенмен де, берекесі мен бірлігі, ынтымағы мен ырысы арта түскен ауылдар көп. Сондай ауылдардың бірі – шалғайдағы Шойындыкөл.

Жарқайың ауданындағы Шойындыкөлдің іргетасы 1961 жылы қаланған екен. Ол аудан орталығы Державинск қаласынан 140 шақырымдай шалғайда. Жалпы өткен ғасырдың сексенінші жылдары халықтың алпыс пайызы ауылда тұрып еді. Сол жылдары Шойындыкөлде де мыңға жуық тұрғын тұрса, қазір 233 адам өмір сүріп жатыр. Елдің шетінде, желдің өтінде жатыр демеңіз, шағын ауылда жұрт қызығар қызу тіршілік қайнап жатыр. Алақандай ауылдың өзінде қазіргі уақытта 5 серіктестік, 23 шаруа қожалығы, 3 жеке кәсіпкер өз кәсібін дөңгелетуде.

Шаруа қожалықтары жыл сайын ауылды абаттандыруға қол ұшын беріп келеді. Ауыл көшелері, күл-қоқыстан тазартылған, тап-таза. Кентішілік жолдар жөнделіп, жыл сайын оқу жылы кезінде шаруа қожалықтарының басшылары Шойындыкөл негізгі мектебінің оқушыларына тегін ыстық тамақ беруге ақша бөледі екен.

Бұл ауылда «Бектауыл», «Ізбасарлар», «Мұрат», «Жәзира» сияқты ірі шаруа қожалықтары бар. Мұндағы шаруа қожалықтарының басым көпшілігі егіншілікпен айналысады. Ауыл шаруалары жыл сайын 50 мыңнан астам алқапқа дәнді дақыл тұқымын сіңіреді. Фермерлердің айтуынша астық өнімділігі де көбейіп келеді екен. Олардың пайымдауынша мол өнімнің болуы тек ауа райына ғана байланысты емес, көп мәселе жер құнарлығында.
Соңғы үш жылда орташа өнімділік гектарына 11,8 центнерді құрап отыр. Еселі еңбектің арқасында шаруа қожалықтарының кәсіптері өрге домалап, өрістеуде. Олар жаңа техникалар сатып алып, астық сақтауға арқалған ангарлар салып жатыр. Мәселен, «Жәзира» шаруа қожалығы астықты тазалау үшін механикалық ток сатып алып, орнатқан.

«Елде болса, ерінге тиеді» демекші, шаруагерлер тілеуін тілеген жұртқа қолұшын беруді өздерінің азаматтық парызы санайды. Олар ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларын азық-түлік жиынтығымен де қамтамасыз етіп, қайырымдылық акцияларын жиі өткізеді. Өткен жылы серіктестіктер мен шаруа қожалықтарының демеушілік қаражаты есебінен Шойындыкөл негізгі мектебінің шатыры жөнделіпті. Мектептің бірінші қабатына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, есік терезелері, спорт залы жаңартылған. Отыз бес жыл бұрын іргетасы қаланған білім ошағына әлі де болса жөндеу жұмыстары керек-ақ. Осыны ескерген елдегі шаруа қожалықтарының басшылары келер жылы мектептің екінші қабатына күрделі жөндеу жұмыстарына ақша бөлмекші. Мектептің өз бу қазандығы бар. Оны да елдегі жомарт жандар өз қаражаты есебінен салып берсе керек. «Батыр болсаң жауға найзаң тисін, бай болсаң елге пайдаң тисін…» деген осы-ау шамасы.

Ауыл әкімі Нұрхан Бердағалидің айтуынша ауылдағы өзекті мәселелердің бірі ауыз су тапшылығы. Ауылды абаттандыру мақсатында «Елді мекендерді жарықтандыру» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өткен жылы күн батареяларына негізделген 6 көшеге жарықтандыру тіректері орнатылған екен. Бұл мақсатқа 1 200 000 теңге сомасында қаражат бөлінген. Ағымдағы 2021 жылы тағы 8 тірек орнату жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, өткен жылы ауылға «ЭксклюзивСтрой» серіктестігі 1 050 340 теңге сомасына көше тренажерларын орнатыпты. Салауатты өмір салтын ұстанамын деген жастарға мұндай барлық жағдайлар қарастырылған.

– Елді мекендегі өзекті проблемалардың бірі ауыз су мәселесі. Осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Шойындыкөл ауылындағы жер асты су көздерінен су құбырын қайта жаңарту бойынша жалпы сомасы 484 миллион теңгеге тың жоба мемлекеттік сараптамадан өтті. Жақын арада ауыл тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады, –дейді Нұрхан Қартанұлы.

Ауыл жыл сайын көркейіп келеді. Мұнда заманауи үлгіде салынған дәмхана, наубайхана да бар. Алдағы уақытта балаларға арналған ойын алаңдары мен футбол алаңының құрылысы қолға алынбақшы. Ауыл интернет желісіне қосылған. Бұрнағы жылдары интернетті айтпағанда, қарапайым телефон байланысы да жоқ еді. Қазір бұл мәселе түбегейлі шешілген.
Дән жинап терлеген дала еңбеккерлері тұратын шалғайда жатқан Шойындыкөлдің тұрғындары осындай берекелі бірлігімен, ілкімді істерімен көш ілгері.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерде: Шойындыкөл ауылының әкімі Нұрхан Бердағали; жөнделген мектеп ғимараты.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар