Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирус бойынша жағдай тағы да күрделене түсуде. Сақтық шараларына мұқият болайық! - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирус бойынша жағдай тағы да күрделене түсуде. Сақтық шараларына мұқият болайық!

Әлем бойынша өршіп тұрған қауіпті індет біздің елде де қайта күшейе бастады. Ақмола облысында да соңғы аптада аталмыш дертті жұқтырған адамдар саны 831-ден 1001-ге дейін жетті. Облыс 2 шілдеден бері қайтадан «қызыл» аймақта. Әсіресе, балалар мен жастар арасында осы індетке шалдығу көбейе түскен.

Шілде айының басынан бері облыста 1920 жағдай тіркелген, Маусымдағы салыстырмалы кезеңде 1449 оқиға анықталған болатын. Ағымдағы айдың басынан бері Көкшетау қаласында 526, Бурабай ауданында 221, Бұландыда 153, Целиноградта 95 жағдай зертханалық тексеріліп, расталған. 15 шілдедегі мәліметтерге сүйенсек, бір тәулікте 175 адам індет жұқтырған, олардың 159-ында індет белгілері анық байқалған. Соңғы аптада індет жұқтыру деңгейі 2,9 есеге дейін артқан.

Бүгінде індетке шалдығушыларға әзірленген төсек-орындар 49 пайызға дейін толған. Жан сақтау бөлімінде 82 науқас жатса, олардың 5-еуінің жағдайы аса ауыр халде. Осы жолы індетке шалдығушылар арасында жүкті әйелдер қатары көбейген. 76 жүкті әйел коронавирус жұқтырса, олардың 42-сі облыс стационарларында ем қабылдауда.

–Бүгінде КВИ мен ЖРВИ бойынша өз еріктерімен емханаларға барып, денсаулығына шағымданушылар саны артуда. Оның ішінде бұрын 60 жастан асқандар көбірек ауырса, осы жолы індетке жастар жағы көптеп шалдығуда. Шілденің ортасына дейінгі уақытты алсақ, ауырғандардың 12 пайызы балалар, оның ішінде 1 жасқа дейінгілер 2,1 пайыз, 2-6 жас аралығындағылар 2,9 пайыз, 7-14 жас шамасындағылар 4,8 пайыз, 15-17 жастағылар 2,1 пайыз.

Өткен жылғы 6 айлық статистикаға үңілсек, жартыжылда 1246 жағдай зертханалық жолмен анықталып, олардың 143-і балалар болды, ал, биыл 16577 індет жұқтырушы айқындалса, оның 1818-і 14 жасқа дейінгі балалар. Салыстырып қарасаңыздар, жағдай өте ауыр, –дейді облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.
Жалпы, облыста індет басталғалы 25744 жағдай тіркеліпті.

Вакцинация облыста ақпан айынан бастап кезең-кезеңмен жүргізіліп келеді. Бүгінде облыс тұрғындары өз еріктері бо-йынша 4 түрлі екпенің қалағанын ала алады. Вакциналардың алғашқы компонентімен облыста 190 867 адам қамтылса, екінші бөлігін солардың 97 370-і ғана алып үлгерген. Жалпы, облыс тұрғындарының 46,4 пайызының вакцина қабылдауға жағдайы келеді екен. Коронавирусқа қарсы екпе алудың нәтижесінде медицина және полиция қызметкерлері арасында індетке шалдығу 6 есеге дейін төмендеген. Бүгінде облыста медицина қызметкерлерінің 93 пайызы, педагогтардың 69 пайызы, полицейлер толығымен 100 пайыз пандемияға қарсы екпе алған. Мамандардың айтуынша, вакцинация арқылы ғана індетті жеңіп, қалыпты өмірге ауысамыз. Облыс тұрғындарының 60 пайызы екпе алғанда, ұжымдық иммунитет қалыптасады.

«ASHYQ» жобасы облыстың 608 нысанында қолданысқа енген. Соның ішінде тек 21-і аталмыш жоба аясында жұмыс істеп, QR кодпен кіргізуден көшбасшылық танытқан. Ал, 20 мекеме мүлдем қолданбай, 2 аптаға жобадан шығарылған. «ASHYQ» қосымшасы арқылы мекемеге өткізу кезінде 249 адамның оқшаулану ережесін бұзғандығы анықталған, солардың 114-і «қызыл», 135-і «сары» мәртебесінде жүргендер. Карантин талаптарын бұлай бұзғандардың 12-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 87 510 теңгеден айыппұл салынған, қалғандары карантин уақыттары аяқталған соң, осылайша жауапқа тартылады.

–Қарап отырсақ, адамдар індеттің қаншалықты қауіпті екендігін түсінбеген. Үй карантинінде отыру орнына кейбір азаматтар көпшілік орындарға барып, індетті одан әрі халыққа таратуда. Ауырып жүргенін біле тұра, қасақана көпшілік орындарға баратын адамдарға жазаны да күшейткен жөн шығар, –дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Жайран Мұқышева.

Еске сала кетейік, қолданыстағы жаңа қаулыға сәйкес жексенбі және мерекелік күндері азық-түлік және ашық аспан астындағы азық-түліктік емес базарлар жұмысын тоқтады. Ал, ASHYQ» қосымшасы бар сауда-саттық үйлері мен тамақтану, спорт, монша, фитнес клубтар секілді нысандар кешкі 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Саяжайларға баратын автобустардан басқа қоғамдық көліктер де қатынауын тоқтатады.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар