Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде және оның аумақтық басқармаларында ZOOM бейнебайланыс бағдарламасы арқылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасындағы жаңалықтар» тақырыбында онлайн семинар болып өтті.
Семинарды Ақмола облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин ашып жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде семинарға қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласындағы жаңалықтармен таныстырды.
Сондай-ақ, спикер сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу іс-шаралары елдің стратегиялық даму басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясаттың негізгі бағыттарына және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шараларға баса назар аударылды.
Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Бауыржан Шәйкенов мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң сақтау, мінез-құлықтың жоғары стандарттарын көрсету қажеттігін еске салды.
Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер органдары өз қатарларындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін жою бойынша барлық шараларды қабылдайтынын айтты. Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қатынасын қалыптастыру тәрізді алдын алу сипатындағы іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.