Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлтаралық татулық пен келісім – береке бастауы - АРҚА АЖАРЫ

Ұлтаралық татулық пен келісім – береке бастауы

 Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Ақмола ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты XXIV сессиясы болып өтті. Сессия барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 2021 жылғы 28 сәуірде өткен XXIX сессиясында алға қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша қабылданған іс-шаралар талқыланды.

Ассамблея мүшелері, этномәдени және діни ұйымдардың жетекшілері, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан сессия жұмысына төрағалық еткен облыс әкімі өз сөзінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында құрылған ассамблея бірлігіміздің, татулық пен тұрақтылығымыздың басты кепілі екенін атап өтті.

–Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында Елбасымыз Ассамблеяны басқару құқығын Мемлекет басшысына тапсырғаны баршаңызға белгілі. Президенттің бастамасымен және ассамблея мүшелерінің қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның Құрметті төрағасы болып сайланды. Елбасының тәуелсіздік жылдары жинаған зор тәжірибесі ұйымның барша қазақстандықтарды ұлтына қарамастан, бір мүдде жолында біріктірудегі жұмысына игі ықпалын тигізгені сөзсіз.

Осы ретте, Елбасы елдегі бейбітшілік пен келісім барша қазақстандықтардың болашағының негізі екенін айтып, алдағы уақытта мемлекеттік саясат пен ұлттық тұтастықтың берік арқауы болуға тиіс бес қағидатқа ерекше назар аударды. Олар мемлекет пен халық арасындағы сенімге және өзара іс-қимылға негізделген қазақстандық патриотизм, азаматтардың құқықтарының теңдігі, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің біріктіруші рөлі қағидаттары мен мәдениеттер алуандығымен сабақтасатын «Алуан түрліліктің бірлігі», ұлттың үздіксіз жаңғыруы қағидаттары. Біздің Ақмола ассамблеясының жұмысы осы бес қағида негізінде жүзеге асырылуы тиіс, – деген Ермек Маржықпаев бүгінде ассамблея Парламентте өз өкілдігі бар беделді қоғамдық институтқа айналғанын, Мәжіліске түрлі этнос өкілдерінен сайланған тоғыз депутаттың ішінде біздің жерлесіміз Наталья Дементьева да барын ерекше атап өтті.

Одан әрі Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары Умар Шоназаров Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында алға қойылған міндеттердің өңірімізде жүзеге асырылу барысы туралы баяндаса, ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Күләш Рақымжанова осы ұйымның атқарып жатқан жұмысы туралы айтып берді. Ал, мемлекеттік тілді жетік меңгерген Юлия Лагуткина өзі мүшесі болып табылатын Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының қайырымдылық істері жайлы баяндай келе, бүгінгі ұлтаралық тұтастықты, бірлік пен ынтымақты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу жастардың міндеті деген орамды ойын жеткізді. Сессия соңында Үндеу жарияланып, облыстық ассамблеяның жаңадан сайланған мүшелері бекітілді. Сондай-ақ, өңір басшысы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Сағынтай Елубаевты мерейлі жасымен құттықтап, Алғыс хатын тапсырып, халқымыздың дәстүрі бойынша иығына шапан жапты.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар