Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алғашқы жартыжылдықта 2016 пәтер пайдалануға берілді - АРҚА АЖАРЫ

Алғашқы жартыжылдықта 2016 пәтер пайдалануға берілді

2021 жылғы қаңтар-маусымда облыс аумағында жалпы алаңы 282 мың шаршы метр тұрғын ғимараттар барлық қаржыландыру көздері есебінен пайдалануға берілді, бұл 2020 жылғы қаңтар-маусымға 101,7 пайызды құрады. Едәуір тұрғын ғимараттар көлемі – 270,1 мың шаршы метр жеке меншік нысаны салушыларымен пайдалануға берілген.

2021 жылғы қаңтар-маусымда тұрғын үй құрылысына инвестициялардың 38098,9 миллион теңгесі бағытталды. Тұрғын үй құрылысы инвестицияларының негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 20,8 пайызды құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың елеулі үлесі 2020 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда Шортанды (66,5 пайызға), Аққөл (57,1 пайызға), Аршалы (38,5 пайызға) және Сандықтау (35,5 пайызға) аудандарында байқалды. Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы көлемінің негізгі үлесі Целиноград ауданына (123,2 мың шаршы метр немесе 43,7 пайыз) және Көкшетау қалалық әкімшілігіне (99 мың шаршы метр немесе 35 пайыз) тиесілі.
2016 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2020 жылғы қаңтар-маусымға 84,9 пайызды құрады.
Ауылдық және қалалық жердегі пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңның үлесі, тиісінше, 58,7 және 41,3 па-
йызды құрады (2020 жылғы қаңтар-маусымда – 54,4 және 45,6 пайыз).
Ақмола облыстық статистика департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар