Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының бақылаушылар штабының төрағасы Ерлан Зәкіриянов ауыл әкімдері сайлауындағы бақылаушылардың жұмысы және сағат 16.00-дегі жағдай бойынша сайлау барысы туралы айтып берді.
–Сайлаушылар түстен кейін де сайлау процесіне белсенді қатысып жатыр. Қазіргі уақытта сайлау барысын 48 мобильді бақылаушы бақыласа, оның 19 координаторлар. Облыс бойынша барлық 218 сайлау учаскелерінде 426 стационарлық бақылаушылар жұмыстарын жалғастыруда. Олардан сағат сайын ақпарат алып жатырмыз. Осы уақытқа дейін облыста Сайлау туралы заңның бұзылуына қатысты бірде-бір дерек тіркелген жоқ. 58971 дауыс беріп үлгерді.