Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Індет кең жайылып барады. Одан барынша сақтануымыз керек - АРҚА АЖАРЫ

Індет кең жайылып барады. Одан барынша сақтануымыз керек

Өткен жылдың наурыз айында елімізге батпаңдап кірген коронавирус індеті әлі де күшейіп тұр. Республика бойынша өткен тәулікте 6637 адамнан ПТР арқылы расталды. Ақмола облысында бұл індет 192 адамнан шығып отыр. Апталық көрсеткіш өкінішке орай, 154 оқиғаға артқан.

Індет басталғалы елімізде 536 мыңға жуық адам аты жаман індетпен ауырды. Олардың 27589-ы Ақмола облысында тіркелді. Өткен тәулікте өкінішке орай, елімізде 70 науқас бұл аурудың салдарынан көз жұмса, жалпы 2020 жылдың наурыз айынан бері індет 5 мыңнан астам адамның өмірін жалмаған екен. Ақмола облысында қайтыс болғандар саны – 113.
Облыста коронавирусқа шалдыққандардың басым көпшілігі ересектер болғанымен, 11 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Әлемді дүрліктірген індетке тап болғандардың 15353-і емханаларға өз еркімен барып денсаулықтарына шағымданған, 9338 жағдай контактіде болғандар арасында анықталған, 2870 оқиға профилактикалық скрининг кезінде белгілі болды.
Облыста өткен жылы індет 7247 адамнан анықталса, биыл әлден 20315 оқиғаға жеткен, тек шілде айында тіркелген науқастар саны 3765-ті құрап отыр. Соңғы аптада өңірде 1311 оқиға зертханалық жолмен анықталса, алдыңғы аптада 1157 жағдай тіркеліпті. Апталық өсім 1,1 есе немесе 154 оқиға көбірек.
Өткен тәулікте 192 оқиға тіркелсе, олардың 15-і балалар. Індет Көкшетау қаласында – 56, Степногрскіде – 36, Бурабай ауданында – 30,
Зерендіде – 16, Есілде – 12, Аршалыда – 11, Целиноргадта –10 жағдайдан анықталған. Басқа аудандарда 1-ден 6-ға дейінгі аралықта. Мамандардың айтуынша, соңғы тәулікте білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында індет жұқыру анықталмаған.
Коронавирус дертіне қарсы вакцина алу облыс аумағында тұрақты жүргізіліп келеді. Ақпаннан бері облысқа осы мақсатта 4 түрлі вакцинаның 420965 дозасы жеткізілген. Солардың 328965-і Спутник V вакцинасы, қалғандары QazVak, HayatVax, СoronaVak екпелері.
Бүгінде өңірде 206099 адам екпенің алғашқы компонентін ектірген, солардың 122778-і екінші бөлігін алыпты.
24 шілдеде облысқа тағы «Спутник V» вакцинасының 19665 доза бірінші компоненті, 1700 доза екінші компоненті жеткізіліпті. Қазіргі уақытта бұл вакциналар қоймада сақтаулы. Бұған дейін де айтқанымыздай, облыста 140 екпе бекеті, 120 мобильді бригада жұмылдырылған. Сонымен бірге, Көкшетау қаласының
4 мектебінде, нақты айтқанда №18, 21 және ІТ-мектебі мен Бірлік ықшам ауданында екпе бекеттері ашылған. Бұған қоса, Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын және Целиноград аудандарында 11 жылжымалы кешен де жұмылдырылып отыр.
Жалпы, облыста коронавирус індеті бойынша жағдай өте ушығып барады. Халық бүгінде алғашқы кездегідей карантиндік шараларды сақтаудан қалды. Маска тағу, антисептик қолдану деген ұмытылып барады. Арақашықтық мүлдем сақталмайды. Тіпті, қоғамдық орындар мен сауда-саттық үйлерінің, азық-түлік дүкендері мен қоғамдық көліктердің қызметкерлері карантиндік талаптарды, санитарлық сақтық шараларын сақтауды келушілерден талап етпеуде. Бұдан кейін, індет азаяды деу қиын. Сондықтан, әркім өзінің және жақындарының денсаулығына жанашыр болғаны абзал. Карантиндік санитарлық талаптарды сақтап, тәртіпке бағынғанымыз дұрыс.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар