Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дәрігерлер аянбауда. Алайда, ауыр науқастар да бар - АРҚА АЖАРЫ

Дәрігерлер аянбауда. Алайда, ауыр науқастар да бар

Облыс аумағындағы эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Соңғы тәулікте өңірде 195 адамнан коронавирустық инфекция зертханалық жолмен расталды. Өңірдегі індет жұқтыру ахуалы күн сайын осылай өсе берсе, өткен жылғы қиын жағдай қайталануы мүмкін.

Бұл туралы Көкшетау көпсалалы қалалық ауруханасының бас дәрігері Ерлан Аяғанов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте мәлімдеді.
Әлем халқын дендеген дерт біздің де облыста бәсеңдейтін емес. Қауіпті кеселдің құрығына түскендер тәулік сайын көбейіп келеді. Елімізде бір тәулікте ПТР тапсыру нәтижесінде 7 мың адамнан жұқпалы індет айқындалған.
– Өткен жылғы қараша айында ашылған жұқпалы аурулар орталығына осы айда науқастар өте көп түсуде. Мұнда дәрігерлерге жүгіну деңгейі 30 пайызға артты. Күн өткен сайын коронавирус күшейіп, халықты әуре-сарсаңға салуда. Осы шілде айында 1475 адам дәрігер көмегіне жүгінді, оның ішінде 423-і ауруханада ем алып жатыр. Бүгінгі таңда 57 науқас реанимацияда жатып шықты, – деді Көкшетау көпсалалы қалалық ауруханасының бас дәрігері Ерлан Серікұлы.
Індеттің алғашқы кезеңдерінде инфекция ересек адамдарға аса қауіпті деп саналатын. Алайда, өкінішке орай, ол күн өткен сайын жасарып барады. Қазіргі уақытта тіркеліп жатқан деректердің басым көпшілігі – жастар мен жасөспірімдер арасында. Тіпті, жарық дүние есігін жаңа ашқан нәрестеге де жұқтыру фактілері кездеседі. Ауруханада жыл басынан бері 2580 адам емделіп шығыпты. Оның 63-і жаңа туған нәрестелер екен. Былтыр қарашада ашылған модульдік ауруханада жатқандардың 50-ден астамы жүкті әйелдер көрінеді.
–Өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысында 1 жастан енді асқан сәби осы аты жаман жұқпалы дерттен қайтыс болды. Енді індет жас-кәрі демей, иммунитеті әлжуаз кез-келген адамға қауіп төндіруі мүмкін. Қазір науқастарда өкпенің 45 проценттік қабынғаны жиі байқалады. Оны емдеу өте қиын. Сол себепті, вакцина алғанда оны жеңілірек өткеруге мүмкіндік бар. Стационарда вакцина салдырса да, инфекция жұқтырғандар бар. Олар індетті жеңіл өткеруде. Ал, реанимацияға түскендер арасында вакцина алғандар жоқ, –деді бас дәрігер.
Дәл қазір ауруханада 209 науқас ем алуда екен. Олардың ішінде 26-сының жағдайы ауыр. Бас дәрігердің айтуынша, республика халқының 70 проценті вакцина алса ғана қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік бар. Естеріңізге сала кетейік, қазір аймақта екпе алғандардың үлесі 60 процентке жеткен.
Бүгінде індеттің соншалықты балалар мен жасөспірімдер арасында белең алып кеткеніне байланысты облыстық балалар ауруханасында да жұқпалы стационар ашылуда.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар