Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Індет күшейіп, жедел жәрдем қызметінің жұмысы да ауырлап отыр - АРҚА АЖАРЫ

Індет күшейіп, жедел жәрдем қызметінің жұмысы да ауырлап отыр

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жедел жәрдем стансасының басшысы Александр Высоцкий өздеріндегі медицина қызметкерлерінің қазіргі эпидемиологиялық қиын жағдай кезіндегі қауырт жұмысы туралы айтып берді.

Жедел жәрдем стансасының басшысы өңірдегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалдың күрделілігіне тоқтала келе, жедел жәрдем қызметіне келіп түсетін телефон қоңырауларының да көбейгенін айтты. Күніне 1100 өтініш шақырту түссе, оның 400-і Көкшетау қаласы бойынша хабарласады екен.
– Қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметінің жүктемесі өткен үш жылдағы статистикамен салыстырғанның өзінде жоғары. Егер өткен жылдың шілде айымен салыстырсақ, биыл шақыртулар орташа есеппен алсақ, 1400-ге дейін көп. Айына 30 мың өтініш түссе, орташа жүктеме бір бригадаға 12-13 шақыртудан келеді. Әр бригадада 2 фельдшерден бар. Бүгінде халыққа жедел жәрдем қызметін көрсетіп жатқан облыстық жедел жәрдем стансасында 69 бригада және 20 емхананың өз жедел жәрдем қызметтері бар. Осылайша облыста 88 бригада қызмет етуде. Соның ішінде Көкшетау қаласында тұрғындарға стансаның 12 бригадасы мен қалалық емханалардың 6 бригадасы «Виа-медиус» серіктестігінің 3 бригадасы жедел көмек көрсетуде. Қазір күн сайын жедел жәрдем қызметінің жүктемесі артып барады. Егер коронавирусқа ұшыраған адамды ауруханаға жеткізген болсақ, одан кейін көлікті зарарсыздандырудан өткізуіміз керек. Стандартқа сәйкес зарарсыздандыруға 40 минут қарастырылған. Бұл стандартта көрсетілгендіктен, оны орындауға тиіспіз. Сондықтан, кей жағдайларда кешігулер орын алуы мүмкін, –дейді Александр Высоцкий.
1 тамыздан бастап Көкшетау жоғары медициналық колледжін тәмамдаған 12 адам жедел жәрдем стансасына орналасып, жұмысқа кіріспекші. Олардың 7-еуі Степногорск қаласы мен аудандарға, қалғандары Көкшетау қаласына жіберіледі. Сонымен бірге, егер де тағы да жедел жәрдем бригадаларын қосу қажет деп танылса, оған мамандар да, қажетті көлік кешені де әзір екендігі айтылды.
Брифинг барысында станса басшысы жедел жәрдем қызметіне ешбір негізсіз хабарласып, олардың құзыретіне келмейтін жағдайларды шешіп беру үшін де телефон шалатындар бар екендігін айтып, «103» телефонына тек шұғыл медициналық көмек қажет болғанда ғана хабарласу қажеттігін ескертті. Ал, біреудің қайтыс болуына байланысты немесе дәріханадан дәрі әкеліп беру секілді мәселелерді жедел жәрдем көмегінсіз шешуді өтінді.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар