Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жалған вакцина паспортын жасауға қатысты 20 медқызметкер ұсталды - АРҚА АЖАРЫ

Жалған вакцина паспортын жасауға қатысты 20 медқызметкер ұсталды

– ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз жалған вакцинация паспорттары мен ПТР-анықтамаларды сату фактілері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ПТР-анықтамаларды қолдан жасағаны және жалған вакциналау жүргізгені үшін 28 адам әшкереленді, оның ішінде медицина қызметкерлері – 20, делдалдар – 8. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-анықтамаларды сату туралы 70 хабарландыру анықталды, олардың 37-і бұғатталды», — деді Н. Ораз онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, осы санаттағы істер бойынша тергеу-сот тәжірибесі қалыптастырылды, заңды күшіне енген сот актілері бар. Төрт қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды.

«Ал 43 қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері және сараптамалық зерттеулер жүргізілуде. Олар аяқталғаннан кейін күдіктілердің іс-әрекеттерін құқықтық бағалай отырып, іс жүргізу шешімдері қабылданады. Осыған ұқсас барлық қылмыстық істердің тергелуі бақылауда», — деді ресми өкіл.

Айта кетейік, жыл басынан бері вакцинация паспорттарын және ПТР-анықтамаларын жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, кейбір туроператорлар жалған вакцинация паспорттарын сатумен айналысқаны белгілі болды.

www.inform.kz/kz/zhalgan-vakcina-pasportyn-zhasauga-katysty-20-medkyzmetker-ustaldy_a3821713

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар