Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, «Ұлы ақын әлемі» атты кітап экспозициясын 1990 жылы Абай есімі берілген Ақкөл аудандық кітапханасы ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, іс-шара көрнекті ақын мен философтың өмірін, шығармашылығын, бай рухани мұрасын насихаттау, жастарды патриоттық тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
«Ашық аспан астында кітап көрмесін өткізу форматы қала тұрғындарының көңілінен шықты. Көрмеде Абайдың еңбектері ғана емес, ол туралы кітаптар, сондай-ақ оның шығармаларының аудармалары да ұсынылған. Шара барысында кітапханашылар Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы әңгімеледі. Жастар «Абайдың Қара сөздері», «Қыс» және «Жаз» шығармаларынан үзінділер оқыды. Көрменің арқасында Ақкөл тұрғындары қазақ халқының ұлы ақыны және ағартушысының шығармашылық әлеміне енуге тағы бір керемет мүмкіндік алды», — деді шараны ұйымдастырушылар.
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы викторина ұйымдастырылды. Сауалнама қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.
Айталық, Абай күні облыста Ұлы ақынның рухани мұрасын насихаттау бойынша 200-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Олардың қатарында челлендждер, көрмелер, байқаулар, викториналар, онлайн-форматтағы концерттер бар.