Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Жүсіп Ерболат Ақмола облысы Қосшы қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Жүсіп Ерболат Еркінұлы 1979 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2001 жылы бастаған.
Батыс аймақтық көлік прокуратурасының бөлім бастығы, Ақмола облысы прокуратурасының, Бас көлік прокуратурасының Басқарма бастығы, СҚО Уәлиханов ауданының прокуроры, Ақмола облысы прокуратурасының Басқарма бастығы – Аппарат басшысы қызметтерін атқарған.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.
Ақмола облысының прокуратурасы