Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қатерлі індет өрши түсуде - АРҚА АЖАРЫ

Қатерлі індет өрши түсуде

Көлденең келген кесапат – коронавирус Ақмола облысының аумағында әлі де өршіп тұр. Бүгінде аты жаман бұл індетпен күресуге жұмылдырылған өңір стационарларында 1234 науқас ем қабылдап жатыр.

Реанимациялық төсек-орындарда 125 адам емделуде. Жұқпалы індеттің салдарынан науқастардың 181-інің жағдайы ауыр, 14-інің халі аса ауыр. 10 адам өкпені жасанды желдету аппаратымен дем алып жатса, 133 науқас дымқыл оттегімен қамтылған.
Ағымдағы жылғы 17 тамыздағы мәліметтерге сүйенсек, облыста коронавирус індеті басталғалы 33584 адамнан жұқпа зертханалық жолмен анықталыпты, солардың 25924-інде ауру симптомды түрде өткен. Ауырғандардың 3413-і балалар. Бұл жұқпалы дерт 175 адамның өмірін қиды. Жалпы науқасқа ұшырағандардың 58 пайызы медициналық ұйымдарға өздері барып, денсаулықтарына шағымданғандар, 33 пайызы контактіде болғандар, қалғандары профилактикалық скрининг кезінде біліпті.
2020 жылы 7247 адамнан коронавирус анықталса, биыл әлден 26337 адамнан індет ПТР тест арқылы расталып отыр. Тек тамыз айында ғана 4571 жағдай тіркеліпті. Соңғы аптада 1965 адамнан, оның алдыңғысында 1822 адамнан жұқпалы дерт айқындалыпты. Апталық өсім 1,1 пайызды құрады. Соңғы тәулікте 284 жағдай зертханалық жолмен расталған, олардың 42-сі балалар. Тәуліктік өсім 0,9 пайыз.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап облыста «Ashyq» қосымшасы іске қосылып, бүгінде ол бизнес субъектілері арасында кеңінен қолданылуда. Көпшілік орындарда қойылатын аталмыш қосымшаның көмегімен жеке тұлғалардың коронавируспен ауырған- ауырмағаны немесе науқаспен контактіде болғаны туралы мәртебесі көрсетіледі. Осылайша тексеру нәтижесінде карантин талаптарын бұзушылар анықталуда. Ағымдағы жылдың 17 сәуір мен 12 тамыз аралығында 350 адамның сары, 859 адамның қызыл мәртебеде жүріп, көпшілік орындарға барғаны әшкереленіпті. Үй карантинін бұлай бұзғандарға қатысты 91 әкімшілік айыппұл салынған.
Вакцинация мәселесіне тоқталсақ, ақпаннан бері облысқа 542670 доза екпе жеткізілген. Соның ішінде Спутник V – 436700, Qaz Vak – 10990, Hayat Vax–61000, Сorona Vak- 24000, Verо Cell- 9980. Бүгінде екпе алуға мүмкіндігі бар 411 мың тұрғынның 59 пайыздан астамы немесе 245162-сі вакциналардың алғашқы компонентін алса, солардың 46 пайызы немесе 189286-сы екінші компоненттерін ектірген. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, өндірістік кәсіпорындардың 17067 қызметкері, педагогтардың 15306-ы (84 пайыз), студенттердің 10002-сі (54 пайыз), мемлекеттік қызметшілердің 4950-і (100 па-
йыз), созылмалы аурулары бар тұрғындардың 61373-і (96 пайыз), медициналық әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері 2167-і (65 пайыз) екпе алған.
Ағымдағы жылғы 16 тамызда қоймаға тағы 9980 доза Verо Cell вакцинасы жеткізілді. Қытайлық «Синафарм» компаниясының бұл вакцинасы облыстың 4990 адамына салуға жетеді. Өңірде 133 екпе пункті, 135 мобильді бригада жұмыс істейді. Вакцинацияға 564 медициналық қызметкер жұмылдырылған, олардың 193-і дәрігер, қалғандары медбикелер. Сонымен бірге, аудандардағы 11 жылжымалы медициналық кешен коронавирусқа қарсы екпе егуді жүзеге асыруда.
Әлемнің кейбір елдерінде бұл коронавирустан қазіргі уақытта ревакцинация процедуралары жүргізілуде. Біздің елде қажет болса, келесі жылдың ақпанынан бастап бұл тәжірибе енгізіледі.
Бүгінде қайтыс болып жатқандардың көбісі вакцина алмаған тұрғындар. Екпе алғандар да жұқпалы індетке шалдығуы мүмкін, бірақ, оларда коронавирус жеңіл түрде өтеді дейді мамандар. Сондықтан, ел арасында ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вакцинадан бас тартпаған абзал. Осы орайда, айта кетерлігі, жаңа оқу жылы басталғалы тұр. Егер мектепке баратын оқушының ата-анасы вакцина алмаса, онда бала сыныпқа кіргізілмей, тек онлайн түрде оқитын болады.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар