Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Екпе аламын десеңіз, бөгет жоқ. Тек осыған ниетіңіз болсын - АРҚА АЖАРЫ

Екпе аламын десеңіз, бөгет жоқ. Тек осыған ниетіңіз болсын

Коронавирус індетіне қарсы халыққа вакцина жасау үшін жыл басынан бері облысқа барлығы Sputnik V, QazVak, HayatVax, CoronaVak және VeroCell вакциналарының 542670 дозасы жеткізілген.

Олардың ішінде ең көп алынғаны Ресейдік Sputnik V вакцинасы. Оның 436700 дозасы алынған. Жоғарыдағы бес вакцинаны қоса есептегенде, олардың 299585 дозасы бірінші компонентті вакциналар болса, 243085-і екінші компонентті вакциналар. Жалпы, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап, бірінші компонент 247999 адам вакцинацияланған. Тарқата айтсақ, оның 89936-сы қалалықтар болса, 158063-і ауыл тұрғындары. Ал, екінші компонентпен 193581 адам екпе алған.
Бүгінгі күні облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының 17196 жұмысшысы вакцинацияланған. Оның ішінде, магистральдық кәсіпорындардың қызметкерлері мен мұғалімдердің 6628-і, яғни, 84 пайызы, студенттердің 56 пайызы, мемлекеттік қызметшілердің 100 пайызы, созылмалы аурулары бар адамдардың өзі 98 пайыз екпе алған.
Қазіргі таңда облыста 133 вакцинациялау орталығы мен 135 мобильді топ жұмыс істейді. Вакцинацияға 564 медицина қызметкері оның ішінде 193 дәрігерлер мен 371 медбикелер тартылған. Сонымен қатар, вакцинация жасау үшін 11 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Олар Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград аудандарында ұйымдастырылған.
Жалпы, бүгінгі күні облыс бойынша қауіпті індетті жұқтырған 1196 адам стационарлық ем қабылдап жатса, реанимация төсегінде 115 адам, коронавирус салдарынан ауыр науқастанған 203, өте ауыр жағдайдағы 16, өкпені жасанды жолмен желдету аппаратында 10, ал, ылғалдандырылған оттегі аппаратында 165 науқас емделіп жатыр. Бұдан шығатын қорытынды, қауіпті індетті жұқтырып, ауыр халге душар болғандардың күннен- күнге азаймауын көрсетеді. Сондықтан, алып-қашпа сөзге ермей вакцина қабылдап, балаларымызды да, бауырларымызды да аман сақтайық. Оны аламын десеңіз, ешқандай бөгет жоқ. Арнайы орындарда ешбір кедергісіз салдыруыңызға болады. Қалай дегенде де, қауіпті індеттің одан әрі ушығуына жол бермейік. Мұны жай сөз деп түсінгендердің қатты қателесетіні сөзсіз.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар