Шара аясында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев он жас ақмолалыққа жеке куәліктерін табыс етті.
«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудегі әрбір оқиға ерекше мәнге ие болады. Конституция күніне орай біз бүгін қала өміріндегі тағы бір маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Көкшетаудың ең биік нүктесіне орнатылды. Енді Тәуелсіздігіміздің асқақ Туы 100 метр биіктіктен желбіреп тұрады», — деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы.
Мерекелік шара «Абылай хан» алаңында жалғасты, онда полиция, ТЖМ қызметкерлеріне арналған 45 қызметтік автокөліктің кілті, орман шаруашылығы мен Коммуналдық қызметтерге арналған арнайы техника табыс етілді.
Айта кетейік, Конституция күніне орай облыста 20-ға жуық әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандар пайдалануға беріледі.