Аудан әкімдігінің мәліметінше, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауылдық округтер арасындағы «Әнші ауыл – Поющий аул» фестивалі осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.
«Жобаның мақсаты-ауылдық округтердің жарқын вокалды ұжымдары мен солистерін анықтау, ұлттық салт-дәстүрлерге ұқыпты қарау, оларды сақтауға және танымал етуге ұмтылу, ауылдық мәдениет өкілдерінің шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға және іске асыруға жәрдемдесу», – деді аудан әкімдігіндегілер.
Байқау қорытындысы бойынша Оқжетпес, Зеленый Бор және Веденовка ауылдарының өкілдері «Өнерпаз ауыл» деп танылды. Фестиваль ұжымдары мен қатысушылары дипломдармен және «Әнші ауыл» мүсіншелерімен марапатталды.