Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан коронавирусқа қарсы қандай вакциналар сатып алады - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан коронавирусқа қарсы қандай вакциналар сатып алады

Бұл Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қандай вакциналар сатып алынатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазірдің өзінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында біркелген бірқатар вакцинаны сатып алғанымызды атап өткен жөн. Олар: Қытайдың Sinovac компаниясы өндірген CoronaVac, Sinopharm компаниясы өндірген VeroCell вакциналары. Бұған қоса, Pfizer-BioNTech вакцинасын жеткізу жоспарланып отыр», — деді Алексей Цой.

Министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта тасымалдауға, жеткізу кестесіне және келісімшартқа қол қоюға қатысты мәселелер пысықталып жатыр. «Бұған қоса, Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесіне сәйкес, вакцинамен басқарылатын аурулардан халықты иммунизациялау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр», — деді ол.

Еске салсақ, 1 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауын жариялады. Жолдаудың толық мәтіні мына жерде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар