Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы Жолдауды жүзеге асыру шаралары туралы баяндалды.Премьер-Министр Қазақстан Президентінің Жолдауындағы барлық бағытты жүзеге асыру үшін 7 қыркүйекке дейін Жалпыұлттық жоспар әзірленіп, Мемлекет басшысына бекітуге енгізілетінін жеткізді. Аталған жоспар экономиканың орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуды, денсаулық сақтау жүйесі мен білім беру сапасының тиімділігін арттыруды және аймақтық саясатты жетілдіруді қамтиды.

Асқар Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы екі аптаның ішінде вирустың таралу индексі 1-ден асқан жоқ, бүгінгі көрсеткіш – 0,87 болып тұр. Жұқпалы аурулар және жансақтау бөлімдеріндегі науқастар саны 40 пайызға азайған. Қазіргі уақытта 6,7 миллион адам вакцинаның бірінші компонентін қабылдаса, 5,5 миллион азамат екпені толық алған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа импортқа тәуелділікті төмендетуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының құбылуына жол бермеуге қатысты алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде, егін жинау науқанының барысы мен еліміздегі экономикалық дамудың басқа да өзекті мәселелері туралы айтылды.

Кездесу соңында Президент Премьер-Министрге Жолдауды толық жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды түбегейлі жақсарту үшін Үкімет пен аймақ әкімдерінің үйлесімді әрі тиімді жұмысы аса маңызды екенін атап өтті.

Дереккөз: www.akorda.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар