Синоптиктердің болжауныша, дүйсенбіде елімізде тұман түсіп, жел күшейеді, жаңбыр жауады, шығыс өңірлерде арты қарға ұласуы мүмкін, түнде бірқатар өңірде үсік жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
20 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөліктердің ықпалымен ауа райы құбылмалы болады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста аздаған жаңбыр жауып арты қарға ұласады. Қалған өңірлерде антициклон әсерінен күн райы ашық болады. Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, шығыста және орталықта тұман түсуі ықтимал.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында солтүстік-батыста, солтүстікте, солтүстік-шығыста тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстікте, орталықта тұман түсуі ықтимал, күндіз солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, күндіз Алматы облыстарының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының күндіз орталығында, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында найзағай жарқылдайды.
Түнде Батыс Қазақстан облысының топырақ бетінде, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында және орталығында 3 градус үсік жүреді. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, батысында, орталығында, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында және орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Дереккөз: www.inform.kz