Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Ерназаров, «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының директоры Ермек Өмірғалиев, «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы Руслан Мақышевтың қатысуымен өткен брифингте айтылды.
Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Ерназаровтың айтуынша, ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Көкшетау қаласына Сергеев су қоймасын сумен жабдықтау жұмыстары қалпына келтірілді. Бүгінгі таңда қаланы сумен жабдықтау екі көзден жүзеге асырылады, бұл Шағалалы су қоймасы, тәуліктік су жинау 24 650 мың текше метрді құрайды. Сонымен бірге, Сергеев су қоймасынан су жинайтын Көкшетау топтық су құбырынан 5 650 текше метр, жалпы тәуліктік тұтыну тәулігіне 300 мың текше метрді құрайды. Қазіргі уақытта Сергеев су қоймасынан 20 мың текше метр екі резервуардың біріне келетін су жинау жұмыстары жалғасуда.
Жылыту маусымына қатысты «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы Руслан Мақышев түсіндіріп берді. 2021 жылғы 17 қыркүйекте Көкшетау қаласының әкімі жылу беру маусымының басталуы туралы №78Р өкімді қабылдады. Қабылданған өкімге сәйкес жылу беру маусымы ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде басталады. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар – мектептер, мектепке дейінгі мекемелер, оқу орындары, емдеу-алдын алу мекемелері, балалар үйлері мен мүгедектер үйлері жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі.
Ал 25-ші қыркүйектен бастап тұрғын үй қоры, мемлекеттік-әкімшілік ғимараттар және басқа да жылу энергиясын тұтынатын нысандарға қосылады. Темірбеков көшесінің бойында Ш.Құдайбердиев көшесінен А.Әшімовке дейінгі жылу магистралі қайта жөнделуде. Жақында ғана барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуы тиіс. Жалпы, қала жылыту маусымына дайын.